#
#
Сейсенбі 07/04/2020

Дәстүрлі әнші Мейірхан Адамбеков өмірден озды

  • 18.01.2020
  • 0
  • 1458

Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры талантты әнші Мейірхан Адамбеков өмірден озды. Қайғылы хабарды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкен Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, талантты әнші Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтың 62 жасына қараған шағында дүниеден озғаны туралы xабарды естіп қабырғамыз қайысып отыр. Туған-туыстары мен жора-жолдастарына, Арқаның өнер сүйер жұртына қайғырып, көңілімізді білдіреміз. Иманды болыңыз, аға...», - деп жазды Абзал Нүкен.

Мейірхан Сәйдіұлы 1958 жылы 1 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Алматы эстрада-цирк студиясын, Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Қ. Байжанов атындағы концерт бірлестігінің әншісі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінде халық әндері бөлімінің меңгерушісі болған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар