18 мам, 2020 сағат 08:00

Димаштың жаңа әні қытайлық QQ Music платформасында рекорд жаңартты

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің We Are One ("Біз бірміз") әні қытайлық QQ Music музыка платформасында алтын сертификат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

COVID-19 пандемиясымен күреске арналған ән 100 миллионнан астам рет тыңдалып, танымалдық индексін жинады және солайша алтын сертификацияны алды.

Димаш Құдайберген We Are One әнін коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан дәрігерлерге және оқшауланып отырған адамдарға арнаған.

"Бүкіл әлем коронавирус індетімен күрескен күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Тек қорқынышты ауруға қарсы бір-біріне көмектесіп, осы ауыр уақытта COVID-19 жеңуге болады. Бұл ән індетке қарсы күрестің басты майданындағы дәрігерлерге және оқшауланған барлық жанға арналған", - деп мәлімдеді Димаш Құдайберген.