19 мам, 2020 сағат 13:50

Дүкенге барғанда коронавирустан қорғанудың қарапайым ережелері қандай?

Қоғамдық жерлерде коронавирустан қорғанудың қарапайым ережелерін ұстану керек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында коронавирусты дүкенге барғанда жұқтырып алу мүмкіндігі туралы сұралды. 

«Коронавирустың таралуы жағдайлары белгілі, яғни көбіне ауа-тамшылы жолмен жұғады. Шынымен де профилактика шараларын сақтамаған кезде инфекцияны жұқтыру қаупі жоғарылай түседі. Бұл тұрғыда маска тағы, қолды жиі жуу сияқты қарапайым талаптарды ұстану керек», - деді вице министр. 

Осы орайда ол қоғамдық жерлерде, дүкенде екі метр арақашықтықты сақтап, маска тағу қажеттігін, сондай-ақ қолды дезинфекциялау керектігін атап өтті.