26 мам, 2020 сағат 11:30

Елбасы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, зор денсаулық пен толағай табыс, ал бауырлас Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған әлемдегі коронавирус пандемиясы жағдайын талқылап, бұл жаһандық дағдарысты сәтті еңсеру үшін халықаралық күш-жігерді біріктіруді қолдады.

Әңгіме соңында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия тарапы бастамашы болды.