21 мам, 2020 сағат 17:32

Елімізде 3843 адам коронавирустан жазылды

Шығыс Қазақстан облысында 8 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, Қазақстан бойынша қауіпті дерттен жазылғандар саны 3843-ке жетіп отыр: 

Нұр-Сұлтан қаласы – 664
Алматы қаласы – 1111
Шымкент қаласы – 211
Ақмола облысы – 96
Ақтөбе облысы – 164
Алматы облысы – 150
Атырау облысы – 203
Шығыс Қазақстан облысы – 36
Жамбыл облысы – 155
Батыс Қазақстан облысы – 210
Қарағанды облысы – 170
Қостанай облысы – 50
Қызылорда облысы – 219
Маңғыстау облысы – 71
Павлодар облысы – 141
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 163