30 сәу, 2020 сағат 12:22

Елімізде биыл 100 мың автокөлік шығарылмақ

Биыл Қазақстанда 100 мың автокөлік шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, 2019 жылы Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінде 359,5 млрд теңгеге 50 447 көлік құралы шығарылып, нақты көлем индексі 162,5 пайызды құрады. Барлық жаңа техниканың жартысы ең ірі автокөндіруші - «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнында құрастырылды. 

«Өткен жылы Қостанай зауыты өндірісті екі есеге арттырып, 25 802 жеңіл, жүк көлігі мен автобустар шығарды. Ал биыл өндіріс көлемін 51 400-ге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Өнімділік өлшемі бойынша қазақстандық «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауыты да көшбасшыға айналды. Өткен жыл қорытындысы бойынша зауытта 20 мың арнаулы техника құрастырылды. Биылғы жоспар бойынша кәсіпорында 44 мың техника шығарылуы тиіс», - деп атап өтеді министрліктен.