01 мау, 2020 сағат 18:45

Елімізде коронавирустан айыққан пациенттер саны 5,5 мыңнан асты

Қазақстанда тағы 129 науқас коронавирустан емделіп, үйлеріне оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы - 22, Алматы қаласы - 46, Шымкент қаласы - 7, Алматы облысы - 5, Қарағанды облысы - 12, Қостанай облысы - 2, Маңғыстау облысы - 5, Атырау облысы - 19, Павлодар облысы - 4, Батыс Қазақстан облысы 7 адам дертінен айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша індеттен жазылғандар саны 5587-ге жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1143
Алматы қаласы – 1598
Шымкент қаласы – 315
Ақмола облысы – 107
Ақтөбе облысы – 189
Алматы облысы – 191
Атырау облысы – 333
Шығыс Қазақстан облысы – 54
Жамбыл облысы – 196
Батыс Қазақстан облысы – 316
Қарағанды облысы – 255
Қостанай облысы – 87
Қызылорда облысы – 247
Маңғыстау облысы – 141
Павлодар облысы – 153
Солтүстік Қазақстан облысы – 37
Түркістан облысы – 225