14 мам, 2020 сағат 13:40

Елімізде коронавирустан жазылған пациенттер саны 2476 болды

Қазақстанда тағы 68 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 12, Шымкент қаласында - 7, Қарағанды облысында - 14, Батыс Қазақстан облысында - 9, Павлодар облысында - 4, Қостанай облысында - 2, Қызылорда облысында - 2, Атырау облысында - 3, Ақтөбе облысында - 7, Түркістан облысында - 3, Маңғыстау облысында - 2, Жамбыл облысында - 2, Ақмола облысында 1 адам дерттен айықты.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 2476-ға жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 501
Алматы қаласы – 555
Шымкент қаласы – 160
Ақмола облысы – 95
Ақтөбе облысы – 62
Алматы облысы – 97
Атырау облысы – 130
Шығыс Қазақстан облысы – 17
Жамбыл облысы – 96
Батыс Қазақстан облысы – 130
Қарағанды облысы – 129
Қостанай облысы – 36
Қызылорда облысы – 183
Маңғыстау облысы – 31
Павлодар облысы – 108
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 117