13 мам, 2020 сағат 16:15

Елімізде тағы 76 науқас коронавирустан айығып, үйіне оралған

Елімізде тағы 76 науқас коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 30, Алматы қаласында - 35, Шымкент қаласында - 3, Қарағанды облысында - 4, Маңғыстау облысында - 1, Түркістан облысында - 2, Қостанай облысында 1 адам дерттен айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 2363-ке жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 489
Алматы қаласы – 520
Шымкент қаласы – 153
Ақмола облысы – 94
Ақтөбе облысы – 55
Алматы облысы – 97
Атырау облысы – 127
Шығыс Қазақстан облысы – 17
Жамбыл облысы – 93
Батыс Қазақстан облысы – 121
Қарағанды облысы – 115
Қостанай облысы – 34
Қызылорда облысы – 181
Маңғыстау облысы – 20
Павлодар облысы – 104
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 114