19 мам, 2020 сағат 14:39

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 мамыр күні елорда мен Қазақстанның 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 20 мамыр күндіз найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысады, кей жерлерде 18 м/с күтіледі. 

Дауылды ескертулердің ықтималдылығы 85-90 %.