04 мам, 2020 сағат 18:54

Елордада 5 тоннадан астам дизель отынын заңсыз сату фактісі анықталды

Нұр-Сұлтанда арнайы құжаттарсыз 2 тонна дизель тасымалдау және сату фактісі анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Заңсыз әрекеттер биылғы жылдың сәуірінде ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларыбарысында анықтаған. 

Одан басқа, тексеру барысында тағы 3,2 тонна дизель табылып, тәркіленді.