18 мам, 2020 сағат 15:50

Энергетика министрлігі мұнай өңдеуге қатысты жоспарды жариялады

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов биыл Қазақстанда қанша мұнай өңделетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде ішкі өңдеу мұнай өндіру көлемімен шартталмаған. Мұнай өңдеу көлемін бірінші кезекте ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа қарай қалыптастырамыз. Болжам бойынша биылға өңдеу жоспары 17 млн тонна көлемінде белгіленді», - вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әсет Мағауов елімізде бензинге сұраныс төмендегенін айтты. 

«Көптеген елдерде індетке қарсы шараларды енгізуге қатысты жанар-жағармайды пайдалану көлемі төмендеді. 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша бензинді пайдалану көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 91 пайызды құрады. Биылғы сәуір айында 222 мың тонна отын жағылды, бұл көрсеткіш ақпан айына қарағанда 30 пайызға төмен (319,6 мың тонна)», - деді вице-министр