10 ақп, 2020 сағат 09:30

Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Нұр-Мүбарак университетіне келді

 

Португалия мемлекетінің Лиссабон каласында джиу-джитсу шеберлері (IBJJF) арасында әлемнің 100 елінен 5000-ға жуық қатысушылар арасында Еуропа ашық чемпионаты өтті.

Жеті күнге созылған додада еліміздің намысын қорғаған Әсет Қыдырбаев 82,3 келі салмақ дәрежесінде Голландия, Бразилия, Польша, Англия споршыларымен күш сынасып, өз салмағындағы 24 қатысушыдан дара болып, қола жүлдеге ие болды.

Ел мерейін үстем еткен батырдың жаттықтырушы – Кутжанов Марат.

Бүгін Еуропа чемпионатының қола жүлдегеріӘсет Қыдырбаев Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне келіп, проректор, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаевпен кездесті.

Еске салсақ, Әсет Бектұрсынұлы Нұр-Мүбарак университетіндегі «Исламтану» факультетінің 2013 жылғы түлегі.

Кездесу барысында «Ұстазын ұлықтай білмеген адамның қолынан ешуақытта ұлылық келмейді», деген сөзді жадында сақтаған жеңімпаз Ә. Қыдырбаев ұстаздарына рахметін айтып,  ақ батасын алды.

Сондай-ақ  университеттің  проректоры Қ.Құрманбаев шәкіртін жеңісімен құттықтай келе, «Сәуір айының басында БАӘ өтетін  әлем чемпионатында бағың мен бабың келісті болып, жеңіс тұғырынан көрейік!»,  деп  ізгі ниеті мен ақ тілегін  білдірді.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті

университетінің баспасөз хатшысы