#
#
Дүйсенбі 25/05/2020

Францияда коронавирустан мектеп оқушысы қайтыс болды

  • 28.03.2020
  • 0
  • 221

Екі күн бұрын Париждегі ауруханалардың бірінде коронавирустан мектеп оқушысы қайтыс болды. Бұл туралы жұма, 27 наурызда Radio France Internationale хабарлады. 16 жастағы оқушы - Францияда коронавирустан қайтыс болған кәмелетке толмаған алғашқы жасөспірім. 

Өткен аптада мектеп оқушысында жөтел пайда болып, сенбі күні тынысы тарыла бастаған. Дүйсенбі күні жөтелі күшейе түскен. Анасы Жюлиді дәрігерге апарған. Терапевт "дұрыс тыныс ала алмайды" деп жедел жәрдем көлігін шақырған.

Қыз баланы жақын жердегі ауруханаға апарған кезде одан коронавирус табылған. Дәрігерлер одан соң оқушыны Париждегі балалар ауруханасына ауыстырған. Қайтыс болардан бірнеше сағат бұрын Жюли жүрек ауруына шағымданған. 

Франция денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жером Саломон бейсенбі күні кешке мектеп оқушысы жастарда сирек кездесетін вирус ауруының шалдыққанын айтты. 

Үкімет жетекшісі Эдуард Филипп 28 наурызда Францияны эпидемия жайлап жатыр деп мәлімдеген. 

Францияда 29 мыңнан астам адамға вирус жұққан, 1696 адам вирустан қайтыс болған. 5 мыңға жуық адам айыққан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар