04 сәу, 2020 сағат 17:30

Францияда пышақ ұстаған ер адамның шабуылынан екі кісі өліп, жетеуі жараланды

Францияда пышақпен қаруланған ер адам жеті адамды жаралап, екі адамды өлтірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" The Local-ға сілтемемен.

Оқиға сенбі күні таңертең елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Роман-сюр-Изер қаласындағы сауда үйінде және оған жақын маңдағы көшеде өрбіген.

Жараланғандардың бірі ауруханада ауыр халде жатыр. Полиция шабуыл жасаған адамды ұстады. 

Францияның ішкі істер министрі Twitter-де шабуылдың не себепті жасалғаны және оған не түрткі болғаны зерттеліп жатқанын жазды.