25 мам, 2020 сағат 22:40

Футболдан Испания чемпионаты 11 маусымда жалғасады

Футболдан Испания чемпионатының қайта жалғасатын уақыты белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Доп додасы 11 маусымда жалғасын табатын болды. Бұл жөнінде Испания футбол федерациясының президенті Хавьер Тебас мәлімдеді. Чемпионатты қайта жалғастыруға ел үкіметі рұқсат етті. 

Дәл сол күні «Севилья» мен «Реал Бетис» командалары кездеседі.

Естеріңізге сала кетелік, Испанияның жоғары біріншілігі - Ла лига ойындары 8 наурыздан кейін белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. 

Бүгінге дейін 27 тур өткізілді. Көш басында 58 ұпаймен «Барселона» командасы келеді. Одан кейінгі орындағы «Реал Мадрид» клубының 56, «Севильяның» 47 ұпайы бар. 

Ал футболдан Германия біріншілігі қайта жалғасты.

Сондай-ақ, Францияның ПСЖ командасы өз біріншілігінің чемпионы болып танылды.