15 мам, 2020 сағат 08:25

Головкин мансабын қашан аяқтайды - «Канело» бапкерінің болжамы

Сауль «Канело» Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері Эди Рейносо 38 жастағы Генадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) рингте әлі қанша уақыт жұдырықтасатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

- Головкин әлі нокаутқа түскен жоқ, ол мықты және тәртіпке бағынатын боксшы. Менің ойымша, ол шамамен екі жыл жақсы деңгейде өнер көрсетеді, - деді Рейносо.

Еске сала кетейік, Головкин «Канеламен» екі рет жұдырықтасқан болатын. 2017 жылы алғашқы айқаста тең ойын болған еді. Ал бір жыл өткен соң болған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіс мекикалық боксшыға берілген болатын.

Альварес пен оның командасы Геннадиймен рингте жыл соңында кездесетініне үміттенеді. Алайда бұған дейін қазақстандық боксшының өзі мәлімдегендей, ол IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионына үміткер, поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуды жоспарлаған.