21 мам, 2020 сағат 07:50

Индустрияландыру: Биыл 160 жоба іске асып, 17 мың жұмыс орны ашылады

Индустрияландыру картасы аясында биыл 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. 

Биыл Индустрияландыру картасы аясында тау-кен металлургия кешені, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-газ химиясы, мұнай өңдеу, фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі салаларында 1,1 трлн теңгеге 160 жобаны іске асырып, 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған .

Жобалардың басым бөлігі Алматы (33 жоба) және Ақтөбе (20 жоба) облыстарында іске асырылады. Қаржыландыру көлемі бойынша Қарағанды (256,4 млрд теңге) және Алматы (230,2 млрд теңге) облыстары көш бастап тұр.

Отандық кәсіпкерлер бастамашы болған барлық жоба банктердің меншікті және кредиттік ресурстары есебінен жүзеге асырылады. 

Коронавирусқа қарсы шаралар экономикалық белсенділіктің, оның ішінде іскерлік және инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың қысқаруынаалып келді. Бизнестің ұтқырлығы шектелді. Бұл шикізат пен жинақтауыштарды жеткізудегі проблемалармен бірге өндірістік белсенділікті де төмендетеді. 

Осыған қарамастан ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 13 сәуірдегі шешімімен қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған жағдайда кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын кезең-кезеңімен жандандыру қызметкерлердің жұмыс орнындағы қашықтығын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Осыған орай жобалар 2020 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылады деп жоспарланған.