13 мам, 2020 сағат 07:50

Испанияда 113 жастағы кейуана коронавирустан жазылып шықты

Испанияның ең кәрі тұрғыны саналатын 113 жастағы Мария Браньяс (Maria Branyas) коронавирустан жазылып шықты.

Қарт әйелдің коронавирус індетін жұқтырғаны наурыз айында анықталған. Бұл кезде Испанияда қатаң оқшаулау режимі енгізілген болатын, деп хабарлайды BBC

Мария Браньястан аурудың жеңіл белгілері байқалғаны атап өтіледі. 

Ұзақ өмір жасаған әйел 1818-1819 жылдардағы тұмау пандемиясын, Испаниядағы азаматтық соғыс (1936-39) және коронавирусты бастан кешті. 

Кейуананың қызы анасының қазір өзін жақсы сезініп жүргенін айтты. 

Мария Браньяс 1907 жылы Мексикада дүниеге келген. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде тілші әкесімен бірге Испанияның солтүстік-шығысындағы Жиронаға көшіп келген. Мария Браньястің үш баласы бар, олардың бірі таяуда 86 жасқа келген. Қарт әйелдің 11 немересі, 13 шөбересі бар. 

Қазіргі кезде ол Олот қаласындағы қарттар үйінде тұрып жатыр.