02 мау, 2020 сағат 03:43

Испанияда алғаш рет тәулік бойы COVID-19 өлімі болмады

Коронавирус пандемиясы басталғалы Испанияда бірінші рет бір күн ішінде ешкім COVID-19 ауруынан қайтыс болмады. Бұл туралы Испания денсаулық сақтау министрлігі төтенше санитарлық жағдайлар бойынша үйлестіру орталығының басшысы Фернандо Симон хабарлады.

“Біз пандемия эволюциясында өте жақсы орында тұрмыз. Статистикада тренд бар және ол дұрыс бағытта” деді Симон.

Испания Еуропаның пандемиядан ең ауыр зардап шеккен елдерінің біріне айналды. Бұл елде коронавирус 240 мың адамнан табылып, 27 мыңнан астам адам COVID-19 ауруынан қаза тапты.

Елде COVID-19 өлімі алғаш рет 3 наурызда тіркелген. Екі күннен кейін тағы бір адам қайтыс болған. Содан кейін вирусты жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны геометриялық прогрессиямен өсті. 2 cәуірде бір тәулікте 950 адам қайтыс болды. Бұл Испаниядағы вирустан қайтыс болғандардың шарықтау шегі еді. Одан кейін көрсеткіш бірте-бірте азайды.