#
#
Дүйсенбі 25/05/2020

Испанияда бір күнде 823 адам қайтыс болды. Елде 5690 адам көз жұмды

  • 28.03.2020
  • 0
  • 181

Испания денсаулық сақтау министрі 24 сағатта коронавирустан 823 адам қайтыс болғанын, елде барлығы 5690 адам көз жұмғанын хабарлады. Испанияда 72248 адам вирус жұқтырды.

Ал Иранда 24 сағатта 3000 адамнан вирус табылды. Қазір бұл елде 35400 адам дертке шалдыққан. Қайтыс болғандар – 2517 адам.

Түркияда бір апта ішінде вирус жұқтырғандар 5698 адамға жетті. 92 адам көз жұмды. Ел билігі пойыздарды, автобустарды, халықаралық рейстерді тоқтатып жатыр. Тұрғындардың басқа қалаға баруына тыйым салынды.

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмғандар мыңнан асты.

Вирус шыққан Қытайдың Ухань қаласы екі ай карантиннен кейін жартылай ашылды. Халық қалаға кіре алады. Бірақ қаладан шығуға әлі рұқсат жоқ.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде 615 адамнан вирус табылды. 28717 адам қайтыс болды. 135735 адам дерттен айықты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар