27 мам, 2020 сағат 10:46

Испанияда COVID-19 құрбандарын он күн бойы аза тұтады

Испания елінде коронавирус індетінен қайтыс болғандарды аза тұту онкүндігі басталды. Тиісті шешімді 26 мамыр күні ел үкіметі қабылдады, деп хабарлайды Euronews.

Испания үкіметі өкілінің хабарлауынша, 27 мамырдан бастап елдегі барлық мемлекеттік ғимараттар мен ӘТК кемелеріндегі ұлттық тулар төмен түсіріледі. Пандемия салдарынан қайтыс болғандар отандастарын еске алу рәсіміне Испания королі Филипп VI қатысады.

«Бұл біздің демократиялық тарихымызда ең ұзақ ресми аза тұту күндері», - деп мәлімдеді корольдіктің премьер-министрі Педро Санчес. 

Испанияда COVID-19 індеті таралуынан 283 мың адам ауруға шалдығып, 27 мыңнан астам пациент көз жұмған.