#
#
Cәрсенбі 03/06/2020

Италиялық әйел лотереядан Пабло Пикассоның картинасын ұтып алды

  • 21.05.2020
  • 0
  • 184

Италия тұрғыны Пабло Пикассоның құны 1 млн еуродан асатын картинасын лотереядан ұтып алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" euronews.com ресурсына сілтеме жасап.

Картина 1921 жылы салынған. Натюрморт. Christie's аукцион үйі ұйымдастырған ойында 50 мың билет ойнатылған. Әр билет 100 еуроға сатып алынған. 

«Тіпті картина үйдің қабырғасында ілініп тұрса да, оны ұрлап кетеді дейтіндей қауіп жоқ. Әрине, оны сақтандыру керек болады. Бірақ бұл картинаны миллиондаған адам көрген. Бір де бір ұры оны қайта сата алмайды», - дейді лотерея ұйымдастырушысы Пери Кошен.

Жиналған ақшадан 900 мың еуро картинаның бұған дейінгі иесіне беріледі. Қалған сома қайырымдылық ұйымдарына аударылады. Ол ұйымдардың мақсаты – Мадагаскар мен Камерунды таза ауыз сумен қамтамасыз ету. 

«Таза сусыз өмір сүру мүмкін емес. Коронавирус адам өмірі сусыз қаншалықты қиын екенін бізге көрсетіп берді. Қол жуу – коронавирустан сақтанудың ең тиімді жолы. Бірақ су болмаса, қолыңды қалай жуасың?», - деп атап өтті Кошен. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бақытты билет желтоқсанда сатып алынып, лотерея жеңімпазына сыйға берілген.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар