06 сәу, 2020 сағат 14:40

Қарағандыда сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен ана табылды

Қарағанды облысының полицейлері қоқыс контейнерінен табылған шақалақтың анасын анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуір күні Қарағанды қаласында Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс контейнерінен 1 айлық сәби табылған болатын.Нәрестені жедел жәрдем бригадасы тексеріп шығып, дене жарақаттарын таппады. 

«Полиция департаментінің басшылығы нәрестенің анасын анықтау үшін криминалдық полиция мен жергілікті полиция қызметінің тәжірибелі мамандарынан тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағытталды. 6 сәуір күні 22 жастағы нәрестенің анасы анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу» бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.