15 мам, 2020 сағат 12:54

Карантиннің жеңілдетілуіне байланысты азық-түлік базарлары қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты азық-түлік сататын сауда орындарының қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Telegram-дағы Coronavirus2020.k парақшасына сілтеме жасап.

Сауда орындарының жұмыс тәртібі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін болып бекітілді. 

Базарға кіреберісте, сауда орнының холында, дәлізде әр 50-100 метр сайын, лифтке, санитарлық торапқа кіре берісте санитайзерлер орнатылуы керек. 

Азаматтар тауар ақысын қолма-қол төлей алмайды (тек банк картасы немесе телефондағы бағдарлама арқылы).

Кезекте 5 адамнан артық тұруға болмайды және олардың ара қашықтығы бір метр болуы керек.