22 ақп, 2019 сағат 11:22

"Қарапайым халықпен қазақтілді министрлер ғана тіл табыса алады..."

Байқағаным, соңғы кезде халық қатты өзгерді, үрейі артты. Қазақтілділер сөзсіз көпшілікке айналды, жастар көбейді, ал оларға жұмыс пен баспана 2030, 2050 жылдары емес, дәл қазір керек болып тұр.

Жас, қазақтілді халықның көңілінен шығу үшін жаңа Үкіметте мәңгүрттер аздау болуы керек. Мүлдем болмаса, тіпті жақсы. Өйткені қарапайым халықпен қазақтілді министрлер ғана тіл табыса алады, басқалар халықтың ашуын келтіреді. Өз ойым.

Қай салалар халықты ең көп ызаландырды?

Меніңше, біріншіден, білім саласы - үш тұғырлы тіл, мектептегі далбаса реформа, балабақшалардың жоқтығы. Сондықтан жаңа Үкіметте Ерлан Сағадиев мырза қала берсе, түбі жақсылыққа апармайды.

Екіншіден, әлеуметтің ауыр хәлі халқымызға қатты тиіп тұр. Мадина Әбылқасымова ханымның 16 мың туралы сөзі халықты қатты ренжітті. Ол да орнынан міндетті түрде кетуі керек деп санаймын.

Ал енді халықтың арасында жүрген сауатты адамдар Үкіметке шақырылса, тіпті жақсы болар еді. Бірақ ол ертегі, арман ғой.

Бүгінгі кризиске Парламенттің, маслихаттардың да кінәсі бар деп есептеймін. Халықтан баяғыда қатты алыстады. Енді 20-30 жыл отыр ғой депутат болып! Тіпті Колбин үшін дауыстарын бергендер бар арасында... Кейбір депутаттар әбден шаршады, депутат болып қартайды. Мәжілістің 30%-ы ресми зейнеткерлер, ал не дейсің, не сұрайсың олардан? Зейнеткер үйі болып кетті ғой Парламентіміз....

Елімізге көп реформа керек, әйтпесе одан да жаман кризиске батып кететін түріміз бар....

Мұхтар Тайжанның Facebook парақшасынан