12 мам, 2020 сағат 11:20

Қазақстан арқылы контейнерлік тасымал көлемі 12 пайызға ұлғайды

Елімізде көлік саласы бойынша нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-сәуірінде 89 пайызды құрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетіне байланысты Қазақстан аумағында жолаушыларды автобуспен тасымалдау, оның ішінде қалалық жолаушыларды автобуспен тасымалдау, жолаушылар поездары, тұрақты әуе қатынастары тоқтатылды. Кейбір кәсіпорындарды карантинге жабу көлік пен логистикаға әсер етіп, жеткізу көлемін және тасымалдауға тапсырыстарды төмендетеді. 

«Дегенмен, бұл кезеңде Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға ұлғайып, 211,6 мың жиырма фунттық контейнерді құрады. Оның ішінде Қытай – Еуропалық Одақ – Қытай бағыты бойынша контейнерлер тасымалы 25 пайызға артқан», - делінген министрлік ақпаратында.