24 мам, 2020 сағат 19:38

Қазақстан бойынша коронавирустан жазылғандар саны 4352-ге жетті

Қазақстанда 32 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ресми сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 25, Жамбыл облысында 7 адам дертінен айыққан. 

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 4352-ге жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 835
Алматы қаласы – 1243
Шымкент қаласы – 220
Ақмола облысы – 97
Ақтөбе облысы – 172
Алматы облысы – 172
Атырау облысы – 226
Шығыс Қазақстан облысы – 44
Жамбыл облысы – 171
Батыс Қазақстан облысы – 242
Қарағанды облысы – 190
Қостанай облысы – 59
Қызылорда облысы – 227
Маңғыстау облысы – 98
Павлодар облысы – 146
Солтүстік Қазақстан облысы – 33
Түркістан облысы – 177