19 мам, 2020 сағат 16:15

Қазақстан CAPSCA келісіміне қосылды

Қазақстан Азаматтық авиацияда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын-алу және оны басқару жөніндегі ынтымақтастық келісімге (CAPSCA) қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біраз уақыттан бері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ы ИКАО және ДДCҰ сарапшыларымен әуе көлігі арқылы аурудың таралу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Нәтижесінде Қазақстанға аурудың таралу қаупіне қарсы күрес үшін ИКАО мен ДДСҰ құрған ерікті халықаралық орган - CAPSCA-ға қосылу ұсынылды. Бұл авиациялық қауіпсіздікті жетілдіру үшін елдің авиациялық билік орындары жүргізетін қызметтің аз ғана бөлігі. Жүргізілген жұмыстардың жиынтығы Халықаралық ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында қол жеткізген жетістіктерін мойындау болды», - деп атап өтеді Индустрия министрлігінен. 

Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда CAPSCA мамандары азаматтық авиацияның жолаушылар тасымалын қалпына келтіру және COVID-19 таралуы жағдайында әуе кемелері экипаждарының ұшуды қауіпсіз орындауын қамтамасыз ету шараларын талқылауда. Ұшуларды үздіксіз орындауды қолдау бойынша CAPSCA кеңесі тұрақты түрде онлайн режимінде азаматтық авиацияда мүдделі тараптармен ДДСҰ-мен, қоғамдық денсаулық сақтау органдарымен және ИКАО үйлестірушілерімен тығыз ынтымақтастықта өткізіледі. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы форумдарға қатысу үшін медициналық қызметкерлерінің бірін және жедел сарапшыны тағайындады.