#
#
Сейсенбі 02/06/2020

Қазақстан Жазушылар одағына 85 жыл

  • 08.12.2019
  • 0
  • 2812

Қазақстан Жазушылар одағы - ел әдебиеті мен мәдениетінде, сондай-ақ оның тарихында ерекше орны алатын киелі орда.

Бүгінде ол - 800-ден астам қаламгердің басын біріктірген беделді ұйым.

Қазақстан Жазушылар Одағы 1934 жылы құрылып, алғашқы басқарма төрағасы болып Ілияс Жансүгіров сайланады. Ғасырға жуық кезеңде одақты - Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, Ғабит Мүсірепов, Жұбан Молдағалиев сынды қазақтың алып та кемеңгер тұлғалары һәм басқа да белгілі ақын-жазушылар басқарды. Олар ұлттық құндылықтармызды дәріптеп, халқымыздың жоғын түгендеу жолында талай қиын-қыстау кезеңді басынан өткерді.

Ал, қазір бұл құтты мекенді аға буынның ізін басып, ісін жалғаған көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулет басқарып отыр.

Қазақ руханияты мен мәдениетінің марғасқалары қызмет еткен одақ ұлтымыздың рухани жаңғыруына сүбелі үлес қосып, елдігімізді таныту жолында тынбай еңбек етіп келеді.

Міне, биыл - қазақ әдебиетінің қара шаңырағының құрылғанына 85 жыл.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар