19 мам, 2020 сағат 11:06

Қазақстанда 3,5 мыңнан астам пациент коронавирустан жазылып, үйіне оралған

Қазақстанда тағы 46 науқас коронавирустан емделіп шыққан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Шымкент қаласында - 6, Түркістан облысында - 1, Қызылорда облысында - 6, Павлодар облысында - 6, Маңыстау облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 7, Ақтөбе облысында 14 адам дерттен айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 3515-ге жетіп отыр: 

Нұр-Сұлтан қаласы – 606
Алматы қаласы – 1015
Шымкент қаласы – 202
Ақмола облысы – 96
Ақтөбе облысы – 161
Алматы облысы – 139
Атырау облысы – 174
Шығыс Қазақстан облысы – 26
Жамбыл облысы – 140
Батыс Қазақстан облысы – 180
Қарағанды облысы – 147
Қостанай облысы – 47
Қызылорда облысы – 216
Маңғыстау облысы – 52
Павлодар облысы – 138
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 147