#
#
Дүйсенбі 01/06/2020

Қазақстанда қанша бензин қоры бар екені белгілі болды

  • 18.05.2020
  • 0
  • 166

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов еліміздегі қоймаларда қанша бензин бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұнай өнімдерін пайдалану көлемінің төмендеуі аясында жанар-жағармай қалдықтарының артуын байқадық. Биылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша Аи-92 маркалы бензинінің қоры 379 мың тонна құрады. Бұл көлем шамамен 44 күнге жетеді», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, дизель отыны бойынша 356 мың тонна жиналған. Отынның бұл көлемі 34 күнге жеткілікті. 

Осы орайда ол жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймаларының толып кетуін болдырмауға, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданғанын еске салды. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әсет Мағауов елімізде бензинге сұраныс төмендегенін айтты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар