25 нау, 2020 сағат 14:53

Қазақстанда көлік желілері туралы интерактивті карта жасалды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп көлік бойынша интерактивті карта жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықты көлік бағыттары мен дәліздерінің қолжетімділігі туралы барынша ақпараттандыру мақсатында министрлік «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, көлік желілерінің қолжетімділігі (жабық және ашық бағыттар) туралы интерактивті карта жасады. 

Осы карта арқылы тұрғындар нақты уақыт режімінде қандай да бір жол бағыттарының қолжетімділігін (әуе көлігі, теміржол көлігі, автокөлік) қарап отыра алады. 

Картамен мына сілтеме арқылы танысуға болады.