20 мам, 2020 сағат 06:00

Қазақстанда 6969 адам коронавирус жұқтырған

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 218 адам анықталды, оның 50-і Шымкент қаласында тіркелген. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Қарағанды облысында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Өсім 3,2% құрады. Бұл туралы 20 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 32 (2,5%)

Алматы қаласы – 37 (2,0%)

Шымкент қаласы – 50 (11,4%)

Атырау облысы – 23 (3,0%)

Қостанай облысы – 12 (12,2%)

Түркістан облысы – 5 (2,1%)

Қарағанды облысы – 24 (9,1%)

Батыс Қазақстан облысы – 10 (3,0%)

Қызылорда облысы – 5 (2,0%)

Алматы облысы – 7 (3,3%)

Жамбыл облысы – 9 (4,3%)

Маңғыстау облысы – 1 (0,6%)

Ақтөбе облысы - 3 (1,3%)

13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 6969 адамға жетті. 3649 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.