19 мам, 2020 сағат 13:03

Қазақстанда коронавируспен қайтадан ауырғандар тіркелген жоқ

Қазақстанда коронавируспен қайтадан ауырғандар тіркелмеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанда коронавирус инфекциясына қайтадан шалдығу оқиғалары тіркелмеді. Әлемнің бірнеше елінде осындай жағдай анықталған еді. Бізде мұндай жағдай тіркелмеді және алдағы уақытта болмайды деп үміттенеміз. Дегемен вирус өте жұқпалы», - деді вице- министр онлайн баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, індеттен емделіп шыққандарда тұрақты иммунитет түзілетіні туралы нақты зерттелген мәліметтер жоқ. 

Осы орайда ол адам инфекцияны қайтадан жұқтырса, онда науқас емделуге жатқызылатынын атап өтті.