28 мам, 2020 сағат 19:44

Елімізде 4900 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 7 адам емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы қаласында - 2, Жамбыл облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында 1 адам дерттен айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша індеттен жазылғандар саны 4900-ге жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1029
Алматы қаласы – 1375
Шымкент қаласы – 244
Ақмола облысы – 106
Ақтөбе облысы – 176
Алматы облысы – 180
Атырау облысы – 279
Шығыс Қазақстан облысы – 52
Жамбыл облысы – 180
Батыс Қазақстан облысы – 269
Қарағанды облысы – 217
Қостанай облысы – 62
Қызылорда облысы – 233
Маңғыстау облысы – 116
Павлодар облысы – 148
Солтүстік Қазақстан облысы – 35
Түркістан облысы – 199