02 мау, 2020 сағат 19:48

Қазақстанда коронавирустан тағы үш науқас көз жұмды

Қазақстанда коронавирус індетінен үш науқас көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Олар: Шымкент қаласында - 1956 жылы туған ер адам, Павлодар облысында - 1935 жылы дүниеге келген әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 1959 жылы туған ер адам. 

Өлім нәтижесін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеу жөнінде шешім қабылдады», делінген хабарламада.

Қазақстанда барлығы 44 адам коронавирустан қайтыс болды.