19 мам, 2020 сағат 06:00

Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар бір тәулікте 311 адамға көбейді

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 311 адам анықталды, оның 142-і Атырау облысында тіркелген. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бұл туралы 19 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласы – 36 (2,9%)

Алматы қаласы – 24 (1,3%)

Шымкент қаласы – 31 (7,6%)

Атырау облысы – 142 (22,6%)

Қостанай облысы – 19 (24,1%)

Түркістан облысы – 18 (8,2%)

Ақмола облысы – 8 (6,3%)

Қарағанды облысы – 13 (5,2%)

Солтүстік Қазақстан облысы – 1 (2,6%)

Батыс Қазақстан облысы – 6 (1,9%)

Қызылорда облысы – 4 (1,6%)

Алматы облысы – 3 (1,4%)

Жамбыл облысы – 3 (1,5%)

Павлодар облысы – 2 (1,2%)

Маңғыстау облысы – 1 (0,6%)

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6751 адамға жетті. 3598 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.