25 мам, 2020 сағат 13:40

Қазақстанда тағы 48 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда тағы 48 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 14, Алматы қаласында - 15, Шымкент қаласында - 2, Павлодар облысында - 2, Атырау облысында - 7, Түркістан облысында - 1, Ақмола облысында - 4, Маңғыстау облысында - 2, Қызылорда облысында 1 адам дертінен айыққан.

Осылайша, еліміз бойынша жазылғандар саны 4400-ге жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 849
Алматы қаласы – 1258
Шымкент қаласы – 222
Ақмола облысы – 101
Ақтөбе облысы – 172
Алматы облысы – 172
Атырау облысы – 233
Шығыс Қазақстан облысы – 44
Жамбыл облысы – 171
Батыс Қазақстан облысы – 242
Қарағанды облысы – 190
Қостанай облысы – 59
Қызылорда облысы – 228
Маңғыстау облысы – 100
Павлодар облысы – 148
Солтүстік Қазақстан облысы – 33
Түркістан облысы – 178