19 мам, 2020 сағат 15:37

Қазақстанда тағы 57 науқас коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда тағы 57 науқас коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 7, Алматы қаласында - 11, Шымкент қаласында - 1, Алматы облысында - 6, Атырау облысында - 6, Қостанай облысында - 3, Қарағанды облысында - 9, Маңғыстау облысында - 8, Түркістан облысында 6 адам дерттен айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 3572-ге жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 613
Алматы қаласы – 1026
Шымкент қаласы – 203
Ақмола облысы – 96
Ақтөбе облысы – 161
Алматы облысы – 145
Атырау облысы – 180
Шығыс Қазақстан облысы – 26
Жамбыл облысы – 140
Батыс Қазақстан облысы – 180
Қарағанды облысы – 156
Қостанай облысы – 50
Қызылорда облысы – 216
Маңғыстау облысы – 60
Павлодар облысы – 138
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 153

Бүгінге дейін барлығы 6751 адамға коронавирус диагнозы қойылды. 35 адам қайтыс болды.