13 мам, 2020 сағат 11:45

Қазақстанда тағы 64 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда тағы 64 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Шымкент қаласында - 1, Қарағанды облысында - 12, Батыс Қазақстан облысында - 9, Павлодар облысында - 15, Қостанай облысында - 1, Қызылорда облысында - 9, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Атырау облысында - 1, Алматы облысында 10 адам аурудан айықты.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 2287-ге жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 459
Алматы қаласы – 485
Шымкент қаласы – 150
Ақмола облысы – 94
Ақтөбе облысы – 55
Алматы облысы – 97
Атырау облысы – 127
Шығыс Қазақстан облысы – 17
Жамбыл облысы – 93
Батыс Қазақстан облысы – 121
Қарағанды облысы – 111
Қостанай облысы – 33
Қызылорда облысы – 181
Маңғыстау облысы – 19
Павлодар облысы – 104
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 112.