06 сәу, 2020 сағат 15:50

Қазақстандықтар кез келген гаджеттен сотқа өтініш бере алады

Барлық елдердің соттары коронавирустың таралу қатері жағдайында бірқатар алдын алу шараларын қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт қапарат". 

Олар жаңа жағдайларда жұмыс істеудегі өз тәжірибелерімен CEPEJ  халықаралық ұйымының арнайы құрылған блогында бөлісіп отырады. Қазақстан онда соттардың толығымен онлайн жұмысқа көшкенін, процестердің кейінге қалдырылғанын және татуластыруды насихаттау туралы хабарлады. 

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров атап өткендей, бұл шараларды адамдардың сотта қорғалуына конституциялық құқықты қамтамасыз ету үшін Жоғарғы Сот және ол басқарып отырған ведомство төтенше жағдай кезеңінде өзге обьектілерге, оның ішінде сот ғимараттарына бару карантинді бұзумен тең дәрежеде болып отырған кезде  қабылдады. ТЖ енгізгенге дейін республика соттарының іс жүргізуінде 106 мың іс пен материал болды. Бұл процестерге 326 мың қатысушы тартылды. Яғни күніне кемінде  3 мың  сот отырысы кем дегенде 15 мың адамның қатысуымен өтті.  

«ТЖ кезінде біздің электронды сот ісін жүргізуді дамыту деңгейі емтиханнан сәтті өтті деуге болады. Ол өзінің өміршеңдігі мен қоғамның сұранысына қарай өзгере алатындығын көрсетті», - деп санайды Н.Ахметзакиров. 

Сот қызмет көрсетулері 

«Сот кабинетін» пайдаланушылар - барлық сот қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай электрондық терезесін үйден шықпай-ақ кез келген гаджеттен сотқа электрондық өтініштердің 90-нан астам түрін жібере алады. СК–нің мобильді нұсқасын тегін көшіріп алуға болады. СК өтініштің тіркелуін, оның соттағы  қолданысын  (мәртебесін) көруге, сот актісін және отырыстың аудио-, бейнежазбасын алуға мүмкіндік береді. 

СК құжатайналымы мен почта бойынша қаражатты едәуір үнемдейді. Сервис жедел әрі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бірақ, ең алдымен, ол тараптарға өзінің орналасқан жеріне қарамастан, сотқа бармай-ақ отырысқа қатысуға мүмкіндік береді. Ол үшін оған СК бойынша арыз беру жеткілікті, ол сотқа бейнеконференцбайланыс арқылы шығу уақыты туралы хабарлайды. 

Карантин тек қана соттарда электрондық құжат айналымының «өсуіне» әкеп соқты. Қазір республика соттары СК арқылы өтініштердің 90 % - дан астамын қабылдайды. «Адамдарға қағаз жүзіндегі хаттарды жіберудің маңызсыз екеніні түсінетін кез келді - дезинфекциялаудан кейін барлық қағаз құжаттары міндетті түрде электрондық форматқа көшіріледі», - деді Н.Ахметзакиров. 

Жүктемені арттыру, әрине, сервис жылдамдығына әсер етеді. Бұл күндері соттардың ІТ-мамандары күшейтілген режимде жұмыс істейді. 

БКБ толыққанды сот процесі 

Н. Ахметзакиров барлық соттарға сот істерін бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтықтан өткізу ұсынылғанын хабарлады. Бұл ретте олардың: стационарлық (полиция және прокуратура ғимаратынан) немесе ұтқыр (месенджерлер арқылы смартфон, планшет, ноутбук арқылы) жүргізілентіні маңызды емес. 

Қашықтықтан өтетін сот процесі дәстүрлі сот процесінен өткізу тәсілімен ғана ерекшеленеді. Онлайн-процестер сот отырысының электрондық хаттамасында - аудио, бейнетіркеу де тіркеледі. 

«Бұл күндері сот процестерінің 90% - ы бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізіледі. Сәуір айының соңына дейін оның қолданылуын 100%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл міндетті шешуге соттардағы IT-технологиялар мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Н.Ахметзакиров. 

Жүйе бойынша белгілі бір олқылықтар да бар, олар да жүктемемен байланысты болып отыр. Оларды жою үшін барлық 390 сот 237 мобильді бейнеконференцбайланыс серверімен жабдықталған. 

ТЖ режимінде сот ісін жүргізуді ұйымдастыру 

Судьялар сот төрелігін қашықтықтан жүзеге асырады. Шұғыл істерді кесте бойынша қарайды. 

Судьялар мен сот қызметкерлері БАҚ пен әлеуметтік желілерде ТЖ жағдайында соттардың қалай жұмыс істейтінін, электрондық сот ісін жүргізулердің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін, ІТ-сервистерінің жұмысын, сондай-ақ талап қою мерзімі мен шағымдану мерзімдерін қоса алғанда, іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру туралы заңнама нормаларын белсенді түрде түсіндірді. 

Азаматтарды қабылдау, семинарлар мен "дөңгелек үстелдер" өткізу тоқтатылды. Соттар температураны өлшеу құралдарымен, кварц шамдарымен, антисептиктермен, бетперделермен қамтамасыз етілген. Үй-жайларды санитарлық өңдеу үнемі жүргізіледі, келушілерге бетперде тегін таратылады. Судьялар мен сот қызметкерлерінің, сондай-ақ сот ғимараттарындағы өзге де адамдардың ауру белгілері байқалғанда оларды оқшаулауға шұғыл шаралар қолданылады және жедел медициналық көмек шақырылады.