27 мам, 2020 сағат 13:43

Қазгидромет: Оңтүстікте аптап ыстық болып, солтүстікте бұршақ жауады

Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

28 мамыр күндіз Қызылорда облысында 41°С ыстық. Солтүстік-шығыстан шаң аралас жел соғады, оның күші 15-20 м/с. Қызылорда қаласында шаңды дауыл болуы ықтимал, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз оның екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында 28-29 мамыр күндері түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. 28 мамыр күндіз және 29 мамырда найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с, 29 мамыр 25 м/с-ке жетеді. Петропавлда 29 мамырда күн күркіреп, дауыл соғады, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. 

Ауа райы болжамының ықтималдығы 90-95%.