21 мам, 2020 сағат 17:38

«Қазмедиа» орталығының жұмысы қатаң режимге көшірілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Евразия + ОРТ» ЖШС қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шынында да арна басшылығының бастамасымен жүргізген тест нәтижесінде екі адамның вирус жұқтырғаны расталды. Қазіргі уақытта «Қазмедиа орталығы» ғимаратының жұмысы (соның ішінде «Евразия + ОРТ» ЖШС отыратын орын да) эпидемияға қарсы қатаң режимге көшірілді.

Вирус жұқтырған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандар анықталып, 14 күндік үй карантиніне жабылады. Ғимаратта жұмыс істейтін азаматтардың бәрі де кезең-кезеңмен коронавирусты анықтайтын тестілеуден өтеді», - деп жазды Аида Балаева facebook парақшасында

Министр кейінгі кезде қазақстандықтар жаппай COVID-19 бойынша тестілеуден өтіп жатқанын жеткізді. Сол себепті науқастар саны бойынша ресми статистика көрсеткіші өскен.

«Өзіңіз бен туғандарыңызға қауіп төндірмеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бәрін сақтауға шақырамын», - деді ол.