18 мам, 2020 сағат 10:48

«Хабар» арнасында Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған флешмоб өтеді

Бүгін «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған флешмоб өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін кешкісін «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған флешмоб өтеді. Әрбір қазақстандық сүйікті әншісінің репертуарындағы танымал әндерді орындай алады. Акцияға қосылу үшін астана уақытымен сағат 19-10-да «Хабар» телеарнасын қосу жеткілікті. Эфирде Батырхан Шүкеновтің «Отан ана», «Джулия» және «Қайран көңiл-ай» сынды үш композициясы орындалады» деп мәлім етті телеарнадан.