#
#
Дүйсенбі 06/04/2020

Халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың тапшылығы болмайды

  • 25.03.2020
  • 0
  • 120

Қазақстан Үкіметі 9 түрлі тауарды экспорттауға тыйым салды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сауда орталықтарындағы кезек азайып келеді. Осы ретте халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың тапшылығы болмайтынын тағы да айтқым келеді», - деді ол. 

Министрдің айтуынша, бұл мақсатта Үкімет 9 түрлі тауарды экспорттауға тыйым салған. Оларды қазір сауда желілері, өңірлік азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры, көтерме сауда жасаушылар сатып алуда. 

«Қазірдің өзінде көптеген өндірушілер өз өнімдерін ішкі нарыққа бағыттағанын байқап отырмыз. Сондықтан, осындай күрделі уақытта өз еліне көмектесіп жатқан кәсіпкерлерге алғыс айтамыз»,- деді Дәурен Абаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар