06 сәу, 2020 сағат 11:24

Хоккей: Андрей Скабелка «Барыстың» бас бапкері қызметінен кетті

Андрей Скабелка «Барыстың» бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Барыстың» баспасөз қызметі мәлім еткендей, клуб пен А.Скабелка келісімшартты ұзарту жөнінде келісе алмаған.

Андрей Скабелкамен келісімшарт биылғы 30 сәуірде бітеді.

Осылайша «Барыс» хоккей клубы жаңа бапкер іздеуге кіріседі. 

Беларусь маманы А.Скабелка мен оның бапкерлік штабы «Барыста» екі маусым бойы жұмыс жасап, айта қаларлықтай табысқа қол жеткізді. 

Елордалық клуб ҚХЛ-да өнер көрсеткеннен бері үздік нәтижелерімен көріне білді. «Барыс» екі мәрте Гагарин кубогы плей-офф кезеңінің екінші айналымына өтті. 

Еске сала кетейік, биыл «Барыс» плей-оффтың жартылай финалына шыққанымен, коронавирусқа байланысты оған қатысудан бас тартқан болатын.