25 мам, 2020 сағат 14:20

Көкжайлауда көңіл көтергендер жазаға тартылады – Қожағапанов

Алматыда Көкжайлау шатқалында жаппай демалысқа шыққан азаматтар жазаға тартылады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы территориясында көп адамның жиналуына, маскасыз жүруге тыйым салынған. Бұл адамдар осы талаптарды бұзған. Концерт қойған, қоқыс төккен. Олар ешқандай ұйымның санкциясын алмаған. Санитарлық талаптарды орындамаған. Қазір Полиция департаментіне нақты тапсырма бердік. Бұл азаматтардың үстінен әкімшілік іс, қылмыстық ахуал байқалса тіпті қылмыстық іс қозғаймыз», - деді Ерлан Қожағапанов. 

Айта кету керек, әлеуметтік желіде Көкжайлау шатқалында сауық кешін өткізгендер туралы видео тараған болатын.