Көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі.
«Осы жылдың 26 мамырында құқыққорғау органдарының ақпараттық жүйелерінде (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) жоспардан тыс профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін еліміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және «Электронды үкімет» порталында көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады», - деп хабарлады әкімшілік полиция комитеті Комитет осыған байланысты келтірілген жайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету штатты түрде жанданады.