#
#
Дүйсенбі 25/05/2020

Коронавирус: Экспресс-тесттен кімдер өте алады және ол үшін не істеу керек

  • 06.04.2020
  • 0
  • 199

Қазақстанда COVID-19 вирусын анықтауға тегін экспресс-тесттен кімдер өте алады? Ол үшін не істеу керек және оның нәтижесі сенімді ме? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы coronavirus2020.kz ресми сайтында берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Коронавирусты анықтауға экспресс-тесттен өту үшін не істеу керек?

1. ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығыныңhttps://formcovid.eisz.kz/index.htmlсайтында сауалнама толтыру.

2. Эпидемиологиялық іріктеу көмегімен бірінші кезекте тесттен өткізілетін азаматтардың санаты анықталатын болады. 

3. Азаматтардың осы санаттары коронавирусқа экспресс-тесттен тегін өтеді. 

COVID-19 вирусын анықтауға тегін экспресс-тесттен кімдер өте алады? 

Соңғы екі ай ішінде ауруға шалдыққан немесе қазіргі уақытта ЖРВИ, пневмония, жедел-респираторлық ауру белгілері бар төменде көрсетілген қауіп тобындағы тұлғалар:

1. Коронавирустың алдын алу шараларына қатысатын тұлғалар: жедел жәрдем қызметкерлері, амбулаторлық-емханалық ұйымдардың, стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері.

2. Медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатындар. 

3. Тыныс алу ағзаларының ауыр созылмалы ауруларымен диспансерлік есепте тұрған тұлғалар. 

4. Ауруханаға жатқызылмаған респираторлық симптомдары (ЖРВИ, пневмониялар, ЖРА) бар науқастар.

5. Науқаспен ықтималды қарым-қатынаста болған тұлғалар.

6. Мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде автоөткелдер мен теміржолдар арқылы Қазақстанға сапарлап келетін азаматтар.

7. Коронавирустың таралуының алдын алуға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, ҰҚК, Кеден қызметі, әкімдіктер қызметкерлері). 

8. Карантиндегі өңірлердің тіршілік қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлер (коммуналдық қызметтер, сауда-саттық, дәрі-дәрмектер және азық-түлік жеткізетін қызметкерлер, тапсырыспен жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, көлік тасымалының, ПИК-тердің өкілдері, дезинфекция қызметін көрсететіндер және т.б.). 

9. Тек эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша өзге тұлғалар. 

Экспресс-тесттен өту рәсімі

1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін COVID-19-ға сынама алу процедурасы басқа талдаулар қабылданбайтын, биоматериал алу үшін ғана белгіленген бөлімшелерде өткізіледі (сауалнамаларды іріктеу қорытындылары бойынша).

2. Пациенттер экспресс-тесттен өтуге қатаң түрде көрсетілген уақытта шақырылады және кезекте 1,5 - 2 метр арақашықтық сақтап, қан тапсыру бөлімшелерінің алдында - далада күтеді және орынжайға бір-бірден шақырылады.

3. Кіретін және шығатын пациенттер легі екі жаққа бөлінеді.

4. Медициналық бетперденің болуы міндетті.

Тестті кімдер және қайда жасайды?

1. Жедел жәрдем бригадалары (шұғыл шақыртулар).

2. Зертханалық қызметтердің мобильді бригадалары, арнайы жасақталған бөлімшелерде (тек шақыру бойынша). 

3. Авто және теміржол өткелдерінде (ҚР аумағына сапарлап келетін азаматтар үшін). 

4. Стационарларда (тек медициналық көрсетілімдер бойынша).

COVID-19-ға экспресс-тест неден тұрады?

1. Экспресс-тест бірнеше реагент жағындысымен ендірілген тест-жолағы бар бірреттік пластик құрылғыдан тұрады. 

2. Тестті жасау үшін күрделі құрал-жабдық қажет емес. Талдауға қан саусақтан алынады, барлық пайдаланылатын құралдар стерильді және бірреттік. 

3. Тест нәтижесін 15 минут ішінде алуға болады. 

Экспресс-тест нәтижесі сенімді ме?

1. Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясының диагнозы қойылмайды. Өйткені тест ағзадағы вирусты анықтамайды, тек оған деген иммундық жүйенің реакциясын бағалайды

2. Экспресс-тестілердің сенімділігі 90% аспайды, сондықтан 10% дейінгі жағдайда әрі жалған-теріс, әрі жалған-оң нәтижелер алуға болады. 

3. Диагнозды растаудың негізгі әдісі ретінде бұрынғыша: жұтқыншақтан ПТР жағындысы алу және коронавирус РНҚ-сын анықтау болып қала береді. 

Егер экспресс-тест теріс нәтиже көрсетсе:

1. Тесттің теріс нәтижесін алу инфекцияның жоқ екенін немесе инфекция жұқтырудың таяуда болғанын, ал антиденелердің әлі түзіліп үлгермегенін айғақтай алады. 

2. Вирустың осылай тасымалдануы қоршаған қауымға қауіпті болуы мүмкін, сондықтан егер сіз карантинде болсаңыз, оқшауланған күйде қалып, барлық профилактикалық шараларды қадағалау керек. 

3. Карантин аяқталғанда инфекция жұқтыруды түпкілікті жоққа шығару үшін қайталап тест өткізу қажет.

COVID-19-ға экспресс-тестінің жұмыс істеу қағидаты

1. Тест қағидаты SARS-CoV-2 (COVID-19) коронавирусына IgG/IgM класс антиденелерін қанда анықтауға негізделген. Инфекция жұққан 7-10 күннен кейін бірінші болып IgM класс антиденелері өндіріледі. Олар аурудың жедел сатыда екенін айғақтайды. 

2. Инфекция жұққаннан кейінгі 2-3 аптадан соң IgG класс антиденелері өндіріледі, ол инфекцияның көтерімді өткенін және қалыптасқан иммундық жауапты білдіреді. 

3. Егер адамда IgM класс оң антиденелері (немесе IgM және IgG оң антиденелерінің екі класы) табылса, онда инфекция 7-14 күнге жуық уақыт бұрын жұққан. 

4. Егер IgG класс оң антиденелері табылса – бұл бұрын осы адамның коронавируспен байланысы болғанын немесе осы инфекцияны иммундық жауап қалыптасуымен көтергенін білдіреді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар